Мен тауың болсам тым биік,
Ақ қарым болшы шыңымда.
Мен тұрсам көктен нұр құйып,
Сезімге шомыл шыңында
Көк теңіздегі кемемін,
Жағаға жеткіз желкен боп.
Мен жалау болсам жаныңа,
Самал боп соғып сен тербет
Менің дәруменім,
Сезіммен беріп тұршы нәр,
Сен күлсең көктен күн шығар!
Сенсің жаным менің,
Біздегі жүрек бір шығар,
Өзіңсің маған шын сыңар!
Мен махаббаттан жеңілсем,
Сен жүрегімді құрметте,
Көкжиек болып көрінсем,
Түсіріп алғын суретке.