Көк өрікті дегенде көк өрікті,
Көк өріктің сабағы көгеріпті.
Оралыңның барында, ойнада-күл,
Ойнамаған, күлмеген не көріпті?
Қайырмасы:
Ай-ай жаным, ай жаным, асыл жаным,
Керек емес өзіңнен басқа жанның. 2рет
Қара жерге қар жауса, қақ тұрмайды.
Біздей жігіт сіздерге таптырмайды.
Ауылыңның сыртында әнге салсам,
Кемпір мен шал тыржыңдап жақтырмайды.
Қайырмасы:
Тасуың-ай қарындас, тасуың-ай,
Тиіп кетіп жүрмесін ашуыңа.
Егер мені шын сүйсең асыл еркем,
Ертең кешке дайын тұр қашуыңа.
Қайырмасы: