1. Көк өрікті дегенді көк өрікті
Көк өріктің сабағы көгеріпті
Оралыңның барында ойнада күл
Ойнамаған күлмеген не көріпті
Қайырмасы
Ай ай жаным асыл жаным
Керек емес өзіңнен басқа жанның
Ай ай жаным асыл жаным
Керек емес өзіңнен басқа жанның
2. Қара жерге қар жауса қақ тұрмайды
Біздей жігіт сіздерге таптырмайды
Ауылыңның сыртынан әнге салсам
Кемпірмен шал тыржыңдап жақтырмайды
Қайырмасы
Ай ай жаным асыл жаным
Керек емес өзіңнен басқа жанның
Ай ай жаным асыл жаным
Керек емес өзіңнен басқа жанның
3. Тасуың ай қарындас тасуың ай
Тиіп кетіп жүрмесін ашуыңа ай
Егер мені шын сүйсең асыл еркем
Ертең кешке дайын тұр қашуыңа -ай!