Мейрим Қатыгез Алматы Ожидает модерации

00:00 / 03:52
Loading
Скачать
0
3
Тональность
0.0
+
Темп, %
0.0
+
Свойства файла: 6,9 Мб 252 кбит/с
Загружено: Мейірім Әуелханұлы @ 12.09.26
Текст песни «Қатыгез Алматы»
  
Қанша жанның ынтық қылған жүрегін
Қанша жүріп әлі таппай жүремін
Ешкімнің де орындамас тілегін
Қатігездеу Алматы

Кәрі таулар тыныштығын күзеткен
Ешкімді де қарсы алмайтын ізетпен
Талай-талай бұзықтарды түзеткен
тәкаппарлау Алматы

Бірде теуіп,бірде тартар өзіне
Бұл қаладан кете алмайсың безіне
Күлдіріп ап жас толтырар көзіңе
Құбылмалы Алматы

Байлап алар көрінбей-ақ байқамай
Бір ауыз сөз қаларсың ау айта алмай
Жүрегіңде тартып алар қайтармай
Ұмыт болмас Алматы

Қанша жанды адастырып тұрақтан
Талай-талай биіктерді құлатқан
Талай-талай мықтыларды жылатқан
Ерке-шолшаң Алматы

Өткізіп ап талай түрлі сынақтан
Қанша жанды жылатып ап жұбатқан
Көзді тартқан сонау алыс жырақтан
Тым мейірбан Алматы
Текст добавлен: Мейірім Әуелханұлы