Жауады жаңбыр,
тамады тағдыр.
Әр тамшы сенің тілегің
Табиғи заң бұл,
естелік қалдыр.
Жылынсын менің жүрегім
Аспан бойжеткен,
Сезім сөйлеткен,
Бұлттар билейді,
Әппақ көйлекпен.
Жаңбыр тіледім.
Жалғыз тілегім.
Тазартып кетші,
Жанымды менің.
Сезімдей мөлдір,
Көзіңдей көркем,
Жаңбырдың иісі ұнайды,
Бақытты болса,
Барлығы еркем,
Жалғыздар неге жылайды?