«Өмірде солай»
Жанға маза бермейсің,
Сағыныш боп кернейсің.
Көзімдегі, сезімді —
Байқамайсың, көрмейсің.
Жүрген жоқпын байқамай,
Менде де мұң бар талай.
Есіміңді ән қылып,
Жүрегіммен қайталай...
Кайырмасы
Арманымыз көп,
Тек-амалымыз жоқ...
Өмірде солай,
Мың тарау, бір түйін.
Ұнату оңай,
Ғашық болу қиын.
Өмірде солай,
Мың тарау, бір түйін.
Ұнату оңай,
Ғашық болу қиын.
2-куплет:
Екі бөлек ағыспыз,
Жақын да емес , алыспыз.
Сезіміміз адасқан,
Бағыттымыз — бақытсыз.
Тағдырды кім таңдайды?
Кейде сезім алдайды.
От пенен су ешқашан,
Бірге бола алмайды.