Наркенже Серікбаева Ризамын Ожидает модерации

00:00 / 03:56
Loading
Скачать
0
12
Тональность
0.0
+
Темп, %
0.0
+
Свойства файла: 8,9 Мб 320 кбит/с
Загружено: AiAiAl @ 22.07.26
Текст песни «Ризамын»
  
Әжетайым, қандырып құмарыңды,

Еркелеттiң, жан ата, ұланыңды.

Өздерiңе арнадым бұл әнiмдi, шiркiн,

Қамқорым, шаттығым, бақ гүлiм – даналарым.



Қайырмасы:

Ризамын аялы пейiлiңе,

Ризамын тым ыстық мейiрiмге,

Ризамын ұлағат, зейiнiңе,

Қамқорым, шаттығым, бақ гүлiм – әжелерiм,

Қамқорым, шаттығым, бақ гүлiм – аталарым.



Ыстық маған, әкешiм, алақаның,

Апатайым, ер жеттi балапаның.

Биiк болды ұлыңмен ақ отауың, шiркiн,

Нұрлы өмiр сыйлаған сыйлы адам – даналарым.



Қайырмасы:

Ризамын әкешiм – сүйенiшiм,

Ризамын анашым – киелiмсiң,

Ризамын, перзентiң сүйедi шын,

Нұрлы өмiр сыйлаған сыйлы адам – әкелерiм,

Нұрлы өмiр сыйлаған сыйлы адам – аналарым.



Аңқылдаған ағатай, жеңгелерiм,

Әпке, iнiм – бауырым сендер едiң.

Сағынышпен сарғайып мен келемiн, шiркiн,

Тiлеулес, бауырлас, ауылдас ағайындар.



Қайырмасы:

Ризамын тел өскен бауырыма,

Ризамын ағайын, ауылыма.

Ризамын ақ пейiл қауымыма,

Тiлектес, бауырлас, ауылдас ағайындар,

Тiлектес, бауырлас, ауылдас ағайындар
Текст добавлен: AiAiAl