[Verse 1]
Балалық шағымда ғашық қылған,
Қаладан ауылға асықтырған,
Сымбатты, сабырлы еркем едің,
Түсінген жанымды еркем менің
[Chorus]
Еркелетіп айналып,
Қылығыңа байланып,
Сені көріп ойланып қалдым.
Айналамнан сұратып,
Жүрегімді жылатып,
Жаным, сені ұнатып қалдым.
[Verse 2]
Қуантпас тағдырым күнім болар
Түсінші барлығын бұрынғыдай.
Арманға барайық мəңгі бірге,
Екеуміз болайық мəңгі бірге.
[Chorus]
Еркелетіп айналып,
Қылығыңа байланып,
Сені көріп ойланып қалдым.
Айналамнан сұратып,
Жүрегімді жылатып,
Жаным, сены ұнатып қалдым.
Қанатым да қайрылып,
Сүйгенімнен айрылып,
Шын сүюге қаймығып қалдым.
Ойды сезім басқарып,
Жанарымнан жас тамып,
Тіл қатуға жасқанып қалдым