Мұң шалса қабағыңды
Мен түгіл дала мұңды
Сен әлі тәп тәттісің
Арманым бала күнгі
Білсең де сезбеуші едің
Жанымның өртенгенін
Қоятын жіпсіз байлап
Не деген көркем едің
Сыр толы жанарыңды
Сағынып хабарыңды
Жүрегім күтуде әлі
Жырыма жауабынды
Өзіңе құштар ай-күн
Бір ғажап ертегі едің
Еш кімге ұқсамайтын
Не деген көркем едің
Ойыма оралғандай
Бақыт кеп қона алғандай
Сұлулық әлемдегі
Өзіңнен нәр алғандай
Мәңгіге кеттің бе екен
Сырымды шерте менің
Бағыңа жеттің бе екен
Еліктей еркем менің
Еліктей еркем менің
Не деген көркем едің
Еліктей еркем менің