Есіме алсам мен сені,
Жас келеді көзіме.
Сұлу дейді ел сені,
Бақыт тапқан өзіңмен.
Сол бір әсем кезде мен,
Өзіңменен таныстым.
Отау тіктің өзгемен,
Қазір меннен алыссың.
Қ-сы
Сағынышпен қол бұлғар,
Қуантқанда сол жылдар.
Қоштастырып өзіңмен,
Мұңайтқанда сол жылдар.
Махаббат деген осындай!
Қапа болма досым-ай!
Екеумізге арналған,
Тағдыр ісі осылай .
2.
Не істеймін өрт сезімді,
Мұңайған дерт көзімді.
Сүйе алмадым аяулым,
Қоштасарда өзінді.
Бақыт басқа қонбады,
Тағдыр солай болғаны.
Махаббатың қауышпай,
Екі айырылды жолдары