Сағынып кеткенім ай
Сен мені елемедің
Сағынсам неге дедің?
Толқынын жарға итерген
Желкенсіз кемедемін
Қысады өкпем ұдай
Кез қылды текке құдай
Ұмытшы дегеніңмен
Саағынып кеткенім ай
Өтініп өбектедім
Мені ұғар зерек дедім
Ал менің ұқпағаным
Мен саған керек пе едім
Күн ертең қалай болар
Мүмкін бір арайланар
Немесе өкініш пен
Ағарған самай қалар