Меніңше әйел деген бала сынды,
Сүйеді жан-жағымен санасуды.
Битке өкпелеп, шубасын отқа жағып,
Бұртиып отырғаны жарасымды.
Баладай еркелейді, назданады
Жайнайды жаным десен жаз жанары.
Айды алып бермей-ақ қой аспандағы,
Аялап "Айым" десең мәз болады.
Алдасаң, бала құсап алданады.
Ойнасаң, бала құсап шамданады.
Таңғалатын нәрсеге таңғалмайды,
Таңғалмайтын нәрсеге таңғалады.
Ақша беріп отырсаң ала ғой деп,
Кимекші күніне бір жаңа көйлек.
Күйеуін біреу алып кететіндей,
Қызғанғанда ойлайсың бала ғой деп.
Ажары да, базары - үйдің өзі.
Сыйлық сұрай салатын сыйлы кезі.
Жүрегіңді баурайды кей қылығы,
Жүйкеңді жұқартады кей мінезі.
Ер жігіт сері болар, серке болар
Бұл өмір асықпасақ келте болар.
Негізі әйел деген бала сынды,
Ал бала жалғыз болса, ерке болар.
Негізі әйел деген бала сынды,
Ал бала жалғыз болса, ерке болар.