Таныс әрі бейтаныс
Кейде жақын, кейде алыс,
Жандар едік, жандар едік
Екеуміз бір кезде.
Сыймайтындай ақылға
Болды да бір оқиға.
Жанға айналдық, жанға айналдық,
Шын ғашық бұл кезде.
Қайырмасы:
Сенсіз мүмкін емес,
Күн – күн емес,
Ай емес ай маған.
Қолдарыңнан сенің ұстап тұрып,
Сен жайлы ойланам.
Сенсіз өмір – елес,
Өмір емес,
Қызықсыз айналам.
Қолдарыңнан сенің ұстап тұрып,
Мәңгіге байланам,
Мен саған айналам.
2-шумақ:
Қайдан келдің өміріме менің?
Қалай менің көңілімді тербедің?
Арманымда басқа жан еді,
Талғамымда басқалау еді.
Қалай сүйдім сені –
Білмеймін соны.
Не сиқырың бар еді?