Сарғайып таң атады.
Қызарып күн батады.
Ертесіне әппақ боп,
Шығып келе жатады.
Қайырмасы:
Аямаған жарығын,
Ақ күн, қызыл, сары күн!
Аялаған нұрымен,
Адамдардың барлығын.
Қызыл арай шапағы,
Қызартып қыр жотаны.
Ақша бұлттан әрі асып,
Нұрдан шашу шашады!
Қайырмасы
Мейірлене қараған,
Көзіндейсің анамның.
Жарық нұры тараған,
Рақмет, саған алтын күн.
Қайырмасы