БЕКЕР ТАНЫСТЫҚ
Сөзі: Дастан Матниязов.
Әні: Медет Хамитов.
Біз екеуміз әттең бекер таныстық,
Таныстықта махаббатпен алыстық,
Сендік сезім сөніп қалған бұл күнде,
Ал мендегі сол күйінше әлі ыстық.
Келдім дегем бақытымның бағына,
Қателесіп келген екем зарына,
Сенбейтінде болып алдым бәріне,
Әсіресе адалдықтың барына.
Көп қызғанып,қыймаушы едім ешкімге,
Көктем болып қыр гүліңді ектіңбе,
Біз екеуміз жолыға алмай жүрміз ау,
Сонда менше,күзге айналып кеттім бе.
Зәру болдым сенің әсем үніңе,
Асық болдым жолығатын күніме,
Бірақ-бірақ жалған екен бәріде,
Сенгіштігім жеттіме екен түбіме.
Маған емес өзге жанға теңбе едің,
Алдап соғып өз ойыңша ерледің,
Мен бақытты болған шықта басқамен,
Қателестім,кешірші деп келмегін.
Кеткен сезім кетті енді келтірме,
Қайта оралмас махаббатты жеңдірме,
Біз жолығып қалсақ егер байқамай,
Мені іздеп келген екен деп жүрме.
Мына жалған дәлелдеді тарлығын,
Ұмытамын мен өзіңді ал бүгін,
Мына өмірдің қарап отсам заңына,
Қоспайды екен,қоспайды екен барлығын.