ХАТАРЫНДЫ КҮТЕМІН
Сөзі: Дастан Матниязов.
Әні: Медет Хамитов.
Бар кезіңде қадірің білінбеді,
Жоқ кезіңде көздерім ілінбеді.
Ренжіген боп қалатын аяқ асты,
Еркелікті сағындым түріңдегі.
Өкпеңнен есіңді енді жиып болып,
Хат жазшы бұрынғыдай үйіп, төгіп.
Гүл секілді сынуға әзір тұрған,
Махаббатты қалмайық күйік көріп.
Жазда кетіп, Күз келді дала сары,
Өмірдің де көп екен алашағы.
Ұмыттырар дегенмен мына уақыт,
Ұмыта алмай жүрегім таласады.
Жақсы көріп,шын сүйіп кетпесең де,
Хат жазып тұр, тым үйіп төкпесең де.
Мен әзірге көнейін, мен әзірге,
Кездескенде үндемей өт десең де.
Өмір бізді сынады,
Жауабы жоқ, себебі жоқ сұрағы.
Сен өкпелеп қалсаңда қаншама рет,
Мені бірақ ретжіткен жоқсың әлі..
Айта алмаймын сыр етіп жатқа мұңды
Сағынамын сөйлескен шақтарымды.
Көзімді ілмей тағы да бүгін түнде
Енді сенің күтемін хаттарынды
Енді сенің күтемін хаттарынды.