Солғанша гүлім күзде тоңып,
«Ана!»,деп ән салам.
Кетейін мейлі жүзге толып,
Бөбекпін мен саған.
Қайырмасы:
Ана,ана,ана,
Мәңгі дос сен ғана.
Абзал ана,ана,
Көңілің - кең дала.
Данасың сен,
Дарасың сен.
Анажан аңсаған,
Арналды ән саған.
Қарызбын әжім,ақ шашыңа,
Көзіңнің жасына.
Өзіңсің бақыт бақшасы да,
Өмірдің басы да.
Қайырмасы: