Айдан әсем, күннен көркем, жұлдызға да тең де сен
Қылығыңмен жүректегі сезім көлін тербесең
Жаныма кеп жадырайсың махабатқа сенбесең
Құстай ұшып жетер ем егер жаным «кел» десең
Сұлу көрсем, арман ару, нұрға толады айналам
Қайда жүрсем жан сәулем өзіңді әр кез ойға алам
Сұлулардың ортасында сен – қызғалдақ жайнаған
Саған деген көңілім сандуғаштай сайраған
Қайырмасы:
Кел, жаным, «кел» десем
Махаббатқа шөлдесең
Айға да іздеп жетер ем
Егер жаным «кел» десең
Кел, жаным, «кел» десем
«Көңіл көктем – сен» десем
Шарықтаймын, шаттанам
Жанымды сен тербесең
Тау гүліндей тұнық сезім, арманым ақ шағала
Саған деген пәк сезімді, ақ сезімді бағала
Менің жаным толқын болып асыққандай жағаға
Сағынбасам өзіңді жүрегім ән сала ма?
Қайырмасы:
Кел, жаным, «кел» десем
Махаббатқа шөлдесең
Айға да іздеп жетер ем
Егер жаным «кел» десең
Кел, жаным, «кел» десем
«Көңіл көктем – сен» десем
Шарықтаймын, шаттанам
Жанымды сен тербесең
Кел, жаным, менде beat, сенде vibe бар,
Сен күлгенде, айналамда жай бар.
Қала түн, бірақ жүрегімде ай бар,
Сенсіз өмір бос – мәні қайда, айт, ал.
Көріп ал, байқап ал, сұлулығын жеке дара,
Қара шаш, сұлу көз — енді жүрек жара.
Музарт айтқан “Кел жаным, өзің ғана”,
Әуен айтам дұрыс тыңдап сөзін қара
Кел, жаным, «кел» десем
Махаббатқа шөлдесең
Айға да іздеп жетер ем
Егер жаным «кел» десең
Кел, жаным, «кел» десем
«Көңіл көктем – сен» десем
Шарықтаймын, шаттанам
Жанымды сен тербесең