Балалар әні Он алтыншы желтоқсан Ожидает модерации

00:00 / 04:37
Loading
Скачать
0
1
Тональность
0.0
+
Темп, %
0.0
+
Тип: ориг
Свойства файла: 10,5 Мб 320 кбит/с
Загружено: Abyalai @ 23.12.25
Текст песни «Он алтыншы желтоқсан»
  
..Қахарлы желтоқсанның ызғарында
Мұз қатқан Алатаудың құздарында
Зорлыққа шыдай алмай, болды қарсы 
Қазақтың ұлдары мен қыздары да...

1.Тұрмадың сен де қарап, шайқалмадың
Қатерге шықтың қарсы, тайсалмадың.
Қаймығып қорықпадың, өлімнен де
Аңсаған азаттықты, қайсар жанның.

Қ-сы: Бауырым сен бұл күнді көре алмадын
Өзіңмен кетті бірге көп арманым
Таныды әлем бірақ саған қарап
Қазақтың еркіндікке жаралғанын

2. Күндер, талай ғасыр болған арман
Халқымыз бас билігін қолға алған
Теңеліп терезесі көп ұлттармен
Ел болдық бар мүддесін қорғай алған

Көтердің көкбайрақты аспаныңа
Бас иіп халқың сендей асқар ұлға
Қорғаған ел намысын, ұлт намысын
Желтоқсан қайсар қазақтарына

Қ-сы: Бауырым сен бұл күнді көре алмадың 
...Өзіңмен кетті бірге көп арманың
Таныды әлем бірақ саған қарап
Қазақтың еркіндікке жаралғанын...

...Мың өліп,мың тірілген қайран қазақ
Тарихта талай талай көрдің азап
Қаншама боздақтарың пида болды
Болсын деп егеменді елім деп Азат!...
Текст добавлен: Abyalai