Жасарын жасап көп көрген
Өмірдің жолын өткерген
Келеді көне көздерің
Қара нардай боп шөкпеген
Бөлісіп барын көппенен
Күресіп қарттық дертпенен
Барады батагөйлерім
Адымын басып еппенен
Қайырмасы:
Қариялар-ақылы дариялар
Пейілінен күн шығып жаз ұялар
Жасырып жамандығын адамдардың
Асырып жақсылығын жариялар
Ел десе еңсе тіктеген
Не көрсе көрген жұртпенен
Жақсылық жасап жалпыға
Қайтарымына еш күтпеген
Жүзінен иман кеьпеген
Жүйрігін баппен ерттеген
Үзеңгіге сап аяғын
Ойлап бір ісін бітпеген
Қайырмасы: