[Verse 1]
Көкіректе толған
Арман қайда қалған,
Тұрлауы жоқ тірлік
Кімде тұрақ болған.
[Chorus]
Самғауындай құстың,
Көзден жырақ ұштың.
Жылдар жылжып алға
Сырғып өте шықтың.
Қоңыр әуен сазың,
Ақ жүректі назың.
Қайтып мойынын бұрмас,
Жайраңдаған жазың.
[Instrumental]
[Verse 2]
Асау көңілім басыл,
Қайран өмір асыл
Қас қаққанша өтер
Жылдар түгілі ғасыр
[Chorus]
Самғауындай құстың,
Көзден жырақ ұштың.
Жылдар жылжып алға
Сырғып өте шықтың.
Қоңыр әуен сазың,
Ақ жүректі назың.
Қайтып мойын бұрмас,
Жайраңдаған жазың.