Ермұханбет&Асыл - Отбасым
Әні: Дархан Оразымбетов
Сөзі: Қайнар Алагөзов
"ОТБАСЫМ!"
1) Менің атам - әулетімнің асқары, асқағы.
Атам барда пір тұтпаймын басқаны.
Қыз күнінде болған сұлу бойжеткен, ой,
неткен.
Менің әжем - асқарымның аспаны.
Қайырмасы:
Отанымның бір бөлшегі отбасым.
Ол үшін мен түсе аламын отқа шын.
Тура келген жел-дауыл да, жауын да, жауың
да,
Маған соқпай отбасыма соқпасын.
2) Менің әкем - ұл-қызының қорғаны, орманы,
Менің анам - қорғанымның зор бағы.
Бауырыларым, жаным, жарым, ұл-қызым,жұлдызым,
Ең қадірлі алтындарым қолдағы.
3) Таңдап сүйген жар мазаңды алса да, салса да,
Азаматым, қазанатым шаршама.
Қолды сілтеп отбасымнан кетем деп,секеңдеп,
Ойнап жүріп от басқандар қаншама.