Көгілдір көктем едің
Қиалмай кеткен едім
Жете алмай жүрек от боп
Жандың ба
Аққудың қанатымен әнімді таратып ем
Ақ бұлттан жолдап сәлем
Алдың ба?
Қайырмасы:
Күн санап елендеп
Сағынса келер деп
Жүрмісің маған қарайлап?
Өткен күндер елес
Оралатын емес
Өртендім жаным
Сені ойлап
Бурыл тау мұнар басып
Аспанмен тұр арбасып
Сол тауға құмар ғашық сен едін
Тауменен табыстырған
Желменен жарыстырған
Өзіңе таныс бір жан мен едім
Қайырмасы:
Күн санап елендеп
Сағынса келер деп
Жүрмісің маған қарайлап?
(Өткен күндер елес
Оралатын емес
Өртендім жаным
Сені ойлап)*2
Бурыл тау белдерінде
Қызғалдақ тергеніңде
Мен жайлы оларға сыр айттың ба
Сырыңды шерте жүріп
Көзіңнен күн төгіліп
Үкілеп үмітіңді қайттың ба
Қайырмасы:
Күн санап елендеп
Сағынса келер деп
Жүрмісің маған қарайлап?
(Өткен күндер елес
Оралатын емес
Өртендім жаным
Сені ойлап)*2