Нұржан Төлендиев — Адамдар ТЕКСТ
Біреулер сыр айтады көп
Біреулер мұңайтады кеп
Біз кейде өмір сүреміз
Осы жұрт не айтады деп
Бауырға сенбейміз кейде
Бөтенді шын айтады деп
Біреулер жақсылық жасар
Сол жәйлі кім айтады деп
Кім, кім, кімдерді жамандар
Сеніңде білдей бағаң бар
Жер басып тірі жүрген соң
Артыңда сөз бар, жаман бар
Жаныңды ұғар адам бар
Намысқа тиер надан бар
Сен жәйлі сөз таратады
Сен арасалпайтын адамдар
Сен жәйлі сөз таратады
Сен танымайтын адамдар
Адамға бұл күн адам жат
Сөйлеммен сөзді сәл аңдап
Бір-бірімізбен қырылып
Кеттің-ғой бәрін жамандап
Әр қазақ жалғызым десең
Бұл өмір маған, саған бақ
Бір күнді өткізіп жүрміз
Ертеңгі күнге алаңдап