Кенжебек Жанәбілов Өткен күндер Ожидает модерации

←
00:00 / 05:00
Loading
Скачать
0
56
Тональность
−
0.0
+
Темп, %
−
0.0
+
Свойства файла: 11,4 Мб 320 кбит/с
Загружено: Алтуха @ 06.11.25
Текст песни «Өткен күндер»
  
Өткен күндер, кеткен күндер 
Өздігімен оралмайды 
Жаз да келер көктем гүлдер 
Бәрі бірақ бұрынғыдай бола алмайды 
Көктем өтер жаз да кетер 
Күз де келер абыр-сабыр 
Жанарымнан маздап өтер 
Жастық шағым жалын шағым 

Мекеніне гүл дариға 
Мені тастап қайтар құсым 
Сол бір жалын жылдарыма 
Сағынышты сәлемімді айтармысың
Жастығымның айғағы еді 
Жасыл жебе желбіреген 
Қайда менің айна көлім
Қыз көзіндей мөлдіреген 

Өмір сені көп ойлаймын 
Оңашада қалғанымда 
Атар таңнан көз алмаймын 
Алаңдаймын алдымдағы арманыма 
(Көктем қашан гүл атады 
Әнге бөлеп бұл өңірді 
Қандай жан келіп жұбатады 
Менің ғазиз жүрегімді)*2
Текст добавлен: Алтуха
↑