Баспадым жардың шетін құлай ма деп
Ішпедім арықтан су ылай ма деп
Қорқамын дос болуға жаманменен
Тар жерде ертоқымын сурай ма деп
Қыздар бұлбұл, жігіт дүлдүл
Өтіп барады өмір құрығыр
Ахау арман дүние жалған
Хәләуләйлем, хәләуләйлем
Жақсылар жақсымын деп айталмайды
Жамандар жақсымын деп айқалайды
Жүрген соң бауырыңды күнде көріп
Таулардың биіктігі байқалмайды
Қыздар бұлбұл, жігіт дүлдүл
Өтіп барады өмір құрығыр
Ахау арман дүние жалған
Хәләуләйлем, хәләуләйлем
Ағаштың көзі қара көміріңдей
Мылтықтың бойы түзү теміріңдей
Өткізген жаксыменен жарты сағат
Жаманның өтіп кеткен өміріндей
Қыздар бұлбұл, жігіт дүлдүл
Өтіп барады өмір құрығыр
Ахау арман дүние жалған
Хәләуләйлем, хәләуләйлем
Қыздар бұлбұл, жігіт дүлдүл
Өтіп барады өмір құрығыр
Ахау арман дүние жалған
Хәләуләйлем, хәләуләйлем