Мейірім Әке Ожидает модерации

00:00 / 03:21
Loading
Скачать
0
30
Тональность
0.0
+
Темп, %
0.0
+
Свойства файла: 7,6 Мб 320 кбит/с
Загружено: Мейірім Әуелханұлы @ 09.10.25
Текст песни «Әке»
  
Сақтаған бойдағы өр намысың
Жаңылмас жолынан жолбарысым.
Алынбас қамалдай корғанышым,әкем.
Бір беткей қалпыңан тайынбаған
Ертенгі күніме уайымдаған
Аламан өмірге дайындаған, әке
    
к-сы
Қаталдық көрсемде қабағынан,
Махаббат сездірдің жанарыңнан.
Әкелік жүрегің дара нұрдан, әке..
Қауырсыны болдым қанатыңның,
Тамырыңнан сенің таратылдым.
Бір тамшы қаныңнан жаратылдым, әке..

Атыңды кірлетпей өтсем деймін,
Асқар тау биігім тек сендеймін.
Арманыңа сенің жетсем деймін, әке
Жусанындай болып боз даланың,
Тағдырдың желімен қозғаламын.
Ұқсатса өзіңе мәз боламын, әке…
    К-сы 2 рет
Текст добавлен: Мейірім Әуелханұлы