Балалар әні Шаршама ұстаз Ожидает модерации

←
00:00 / 03:08
Loading
Скачать
0
25
Тональность
−
0.0
+
Темп, %
−
0.0
+
Тип: ориг
Свойства файла: 4,3 Мб 192 кбит/с
Загружено: A fiower of dream @ 17.09.25
Текст песни «Шаршама ұстаз»
  
«Шаршама ұстаз»

 І-шұмақ:

Есімі машһұр баршаға,
Құрметті жандар қаншама.
Солардың бірі өзіңсің, 
Шаршама ұстаз шаршама.
      
Қайырмасы:
Ұстаздық деген ұлы есім,
Көңілге мәңгі түнейсің.
Самайыңдағы ақ шашта,
Менің де бар-ау,менің де бар-ау үлесім. 

ІІ-шұмақ:

Үйреттің әдеп,төзімге, 
Нәр алдым әрбір сөзіңнен. 
Қиырға самғап кетсем де,
Көңілім бірге өзіңмен.

Қайырмасы қайталанады

ІІІ-шұмақ:

Жанымды кернеп мың ағын,
Арналды ұстаз жыр әнім. 
Ақ жүрегіңді білте қып,
Білімнің жақтың шырағын. 
       
Қайырмасы қайталанады

Менің де бар-ау,менің де бар-ау үлесім - 2 рет
Текст добавлен: A fiower of dream
↑