Нұрбол Темиргалиев Өмір Ожидает модерации

00:00 / 04:02
Loading
Скачать
0
30
Тональность
0.0
+
Темп, %
0.0
+
Свойства файла: 9,2 Мб 320 кбит/с
Загружено: Мейірім Әуелханұлы @ 24.08.25
Текст песни «Өмір»
  
Достықтың бәрі сенімде
Еріксіз мойын бұрарсың
Ақбұлақ сезім көлінде
Сылдырап жүрек суарсын
Жастығың толған шәрбат нұр
Шомылып оған құмарсың
Көбелең деген ардақпен
Жылытпай қалай тұрарсың 2рет

Қ-сы
Өмірде өмір өмір ай
Көңілдің тұнық көлі лай
Жарығым жетпей қайтейін
Қаларсың бір күні сөніп ай
Өмір де өмір өмір ай

Сүйіктім десең жарыңа
Ұғысып айлар тұрасың
Қадірін білсең бұл күннің 
Сыйласып жылдар тұрарсың
Ақшада нарық бар әттең
Құрдымын білмей құларсың
Әзәзіл дос қой шарап пен
Думандап жүрсең соларсың 2рет

Қ-сы
Өмірде өмір өмір ай
Көңілдің тұнық көлі лай
Жарығым жетпей қайтейін
Қаларсың бір күні сөніп ай
Өмір де өмір өмір ай

Киімге егер кір жұқса
Ағынды сумен жуарсың
Қара дақ түссе арыңа
Ал оны немен қуарсың
Көзіңнен еріп балмұздақ
Еңіреп тұрып жыларсың
Әттеген ай неге деп
Бір күні көзді жұмарсың 2 рет
 
Қ-сы
Өмірде өмір өмір ай
Көңілдің тұнық көлі лай
Жарығың жетпей қайтейін
Қаларсың бір күні сөніп ай
Зырлап бір өте шығарсың 
Қамшының қысқа сабындай
Өмірде өмір өмір ай
Текст добавлен: Мейірім Әуелханұлы