Дәурен Әбиев Менің анам Ожидает модерации

00:00 / 03:49
Loading
Скачать
0
104
Тональность
0.0
+
Темп, %
0.0
+
Тип: нейро-минус + бэк
Свойства файла: 8,7 Мб 320 кбит/с
Загружено: Galimolda @ 11.08.25
Текст песни «Менің анам»
  
     Менің Анам

1 Менің анам ғаламның ғаламаты
  Менің анам әкемнің аманаты
  Менің анам сұлуы ай жер бетінің
  Жанұясын тойдырған қанағаты
  Анам менің сұлуы ай жнр бетінің
  Жанұясын тойдырған қанағаты
      
         Қайырмасы

   Менің анам анам менің
   Қыз да болса панам менің
   Өмірге өзі алып келіп 
   Бар бақытым балам дедің
 
2  Менің анам әулеттің бақ жұлдызы
    Менің анам құлпырған жан қырмызы
    Келген жерін жіберген гүл жайнатып
    Өз жұртында қадірі ханның қызы
   Келген жерін жіберген гүл жайнатып
   Өз жұртында қадірі ханның қызы

           Қайырмасы
   Менің анам анам менің
   Қыз да болса панам менің
   Өмірге өзі алып келіп 
   Бар бақытым балам дедің

 3 Сезімінен ұл қызың шыңғасырған
   Күлім көзі мөлдірем мұң жасырған
   Менің анам өмірге шын ғашық жан 
   Аз ғұмырды кем сүрме бір ғасырдан
   Анам өмірге шын ғашық жан 
   Аз ғұмырды кем сүрме бір ғасырдан
Текст добавлен: Galimolda