Жақсы атанды демессің сүйем десем,
Табынатын тәңірім, ием де — сен.
Адам болып күн кешу қиын маған.
Арқа тұтып, өзіңе сүйенбесем.
қайырмасы:
Қазағым ай!
Пай, пай, пай!
Ардағым-ай!
Сен менің Шолпанымсың, жанған ұдай,
Өзіңде өмір сүрген қандай бақыт,
Өлмейтін махаббатым, арманым-ай!….
Сен менің сүйегім мен қанымдасың,
Жанымдасың, ұятым, арымдасың.
Саған деген махаббат дамылдасын,
Тек сенің топырағыңды жамылғасын.