Түндей тұнық көздеріңнің қарасы,
Қосылардай қастарыңның арасы.
Жалт қарасам жалын атқан ақ жүзің,
Алаулайды атқан таңмен таласып сырғалым.
Қиял қанша ертегі елес
Дүнген қызы арманым
Кез боп келсе ертелі кеш
Сенен көзді алмадым
Өзгені емес, өзіңді ойлап жүр едім
Түсінер деп бір қазақтың жүрегін сырғалым.
Кімге болсын сүйкімді бір баласың
Көңілімді баурап алып барасың
Гүлге орайсың, түнге орайсың жылда сен
Елге жаннат ерге талас баласын сырғалым.
Қиял қанша ертегі елес
Дүнген қызы арманым
Кез боп келсе ертелі кеш
Сенен көзді алмадым
Өзгені емес, өзіңді ойлап жүр едім
Түсінер деп бір қазақтың жүрегін сырғалым.
Сені ойлаумен артта суық қыс қалды,
Сені ойлаумен жазғы ұзақ түн қысқарды.
Бақыт жайлы әнді бірге щырқасақ,
Қонақтатып қойып бауға құстарды сырғалым.
Қиял қанша ертегі елес
Дүнген қызы арманым
Кез боп келсе ертелі кеш
Сенен көзді алмадым
Өзгені емес, өзіңді ойлап жүр едім
Түсінер деп бір қазақтың жүрегін сырғалым.
~ Kapteyn's STAR ~