Ээйй
Қанекей тілім сөйлеші,
Көрсетіп көпке өнерді.
Қызыл тілім жел сөзге,
Туғаннан-ақ шеберді.
Кім тындайды сөзіңді,
Болмаса әсем мәнерлі
Басы пұлды болады,
Болса жігіт өнерлі.
Дүниедегі жандының,
Бірі артық бірі төменді.
Алма мойын наз бедеу,
Құмар жігіт мінеді.
Нәсілді ерге мал бітсе,
Шығарар іштен шеменді.
Нәсілсіз ерге мал бітсе,
Біткенді сайын төменді.
Қәнекей сөйле қызыл тіл,
Жиналып отыр көп енді.
Қанекей тілім сөйлеші,
Көрсетіп көпке өнерді.
Қызыл тілім жел сөзге,
Туғаннан ақ шеберді.
Кім тындайды сөзіңді,
Болмаса әсем мәнерлі.
Қаншама батыр болса да,
Жауға салма жалғызды.
Қаншама шешен болса да,
Дауға салма малсызды.
Қаншама сұлу болса да,
Қойыныңа салма арсызды.