Мадина Абдрахман Сүгірдің термесі Ожидает модерации

←
00:00 / 03:29
Loading
Скачать
1
40
Тональность
−
0.0
+
Темп, %
−
0.0
+
Тип: ориг
Свойства файла: 7,9 Мб 320 кбит/с
Загружено: Риза @ 16.03.25
Текст песни «Сүгірдің термесі»
  
Аллаға шүкір ай етелік
Кеткен жоқ әлі қонған бақ 
Қартайған соң сөйлеген-ау
Алланың бергені тіл мен жақ

Үүүүййййй
Үүййй үй үй үй

Ауылға да Сүгір-ай келді деп,
Ордасында талайдың сайраған.
Сары самаурын, ақ құман,
Кең дастархан-ау жайнаған.

Ағалар да елдің-ау аман бол,
Келді ме деп-ай, жыршы да.
Жеңгелерім де бар еді ай,
Ботадай көздері-ай жайнаған.

Ал, інілерім де бар еді,
Сүгір де ағам ай келді деп.
Ат шаптырып та айхайлап-ей хей
Хабар да салған-ау еліне.

Мәжіліс деп айтады-ау жеріне,
Көңілі де құрғыр-ай мастанам.
Біз жүре беріппіз жігіттер-ей,
Адайдың да берген-ау жерінде.

Келіндерім де бар еді,
Қайын аға келдің-ау, дегенде.
Реңін де қалайда көрем деп,
Алыстан тұрып та болжаған.
Сызылып та талайы-ай сыйлаған,

Құрбыларым да-ай бар еді.
Қонып та кетсейші-ей құрдас деп,
Талайдың жанын қинаған.

Қыздарым да бар еді,
Шай құйып та беріп-ей, атамның.
Батихасын ай алам деп,
Саусақтары да майысқан.
Қыпшада белдері-ау қайысқан.

Алтыда қанат-ай ақ орда,
Айырылып та қалып ей, барасың.
Біз сияқты күнінде, 
Шабысы да жүйрік ей  арыстан
Текст добавлен: Риза
↑