Әні: Айдын Сәндібай
Сөзі: Елнұр Нұрқасым
Жалындайтын, жанданатын,
Таңдарына таңғалатын,
Жалғанына үміт артып,
Арманына алданатын.
Қайран, бала жүрек.
Айна алдында ашылатын,
Армандарын жасыратын.
Еш уайымсыз жүргенімен,
Есеюге асығатын,
Қайран, бала жүрегім
Қайырмасы:
Қызыққа тоймаған, бақытқа бойлаған,
Адалдық, адамдық бейнесін жоймаған,
Мәңгілік бала боп қалам деп ойлаған,
Бала жүрегім-ай.
Доп теуіп алаңда алаңсыз ойнаған,
Жаз болса каналға барам деп қоймаған,
Алғашқы сүйгенін алам деп ойлаған,
Бала жүрегім-ай.
Сынақтарда берілмейтін,
Сұрақтардан шегінбейтін,
Сезіміне ерік беріп,
Ақылынан жеңілмейтін,
Қайран, бала жүрек.
Өмір мейлі көп алдасын,
Естеліктер жоғалмасын,
Қайдан білсін қайталанбас,
Бала күннің оралмасын
Қайран, бала жүрегім