1.Кім келмеді
Кім кетпеді
Өмірдің жолында
Кімнен күйдім
Кімді сүйдім
Өзіңнің жоғында
Әркіммен қосқаны
Махаббат дастаны
Тағдырдың бұралаңы
Жаныма сен келіп
Бақытқа тербеліп
Бақ құсы қоналады
Жолдармен бір келерміз
Жәннатқа апаратын
Бекетке үлгереміз
"Бақыт" деп аталатын
Жар болып Жаратушы
Жаудырсын шапағатын
Ең соңғы махаббатым
2.Мүмкін тәтті
Мүмкін қатты
Махаббат алғашқы
Бір күлдіріп
Бір күйдіріп
Өмір де жалғасты
Әркіммен қосқаны
Махаббат дастаны
Тағдырдың бұралаңы
Жаныма сен келіп
Бақытқа тербеліп
Бақ құсы қоналады
Жолдармен бір келерміз
Жәннатқа апаратын
Бекетке үлгереміз
"Бақыт" деп аталатын
Жар болып Жаратушы
Жаудырсын шапағатын
Ең соңғы махаббатым
~ КаптейнСтар ~