Мейрим Адамға адам керек Ожидает модерации

00:00 / 02:22
Loading
Скачать
0
60
Тональность
0.0
+
Темп, %
0.0
+
Свойства файла: 5,4 Мб 320 кбит/с
Загружено: Мейірім Әуелханұлы @ 13.01.25
Текст песни «Адамға адам керек»
  
Бірге жүріп кедергіні жеңу үшін
Сырларыңмен бөлісіп сену үшін
Адамға адам керек бұл өмірде
Бақыттың құшағына ену үшін
Адамға адам керек бұл өмірде
Бақыттың құшағына ену үшін

Бар әлемді қол ұстасып кезу үшін
Қиындыққа мойымай төзу үшін
Адамға адам керек бұл өмірде
Жалғыз емес екеніңді сезу үшін
Адамға адам керек бұл өмірде
Жалғыз емес екеніңді сезу үшін

Әңгімеңді болсын бір жан тыңдайтын
Алыс кетсең іздейтін алаңдайтын
Адамға адам керек бұл өмірде
Жалғыздықта ешқашан қалдырмайтын
Адамға адам керек бұл өмірде
Жалғыздықта ешқашан қалдырмайтын

Біреулер бар серігін кеш табатын
Ал біреулер табалмай кеш қалатын
Адамға адам керек бұл өмірде
Дуға қылып артыңнан еске алатын
Текст добавлен: Мейірім Әуелханұлы