Баталы қартым бармысың аман
Ақ жаулық киген бармысың анам
Сіздерге сәлем бергелі келдім
Қуаныш сыймай ақ жүрегіме
Сіздерді қосып ақ тілегіме
Көзіммен өзім көргелі келдім
Қайырмасы:
Қасиет қонған ел аман болсын
Жақсылар туған жер аман болсын
Аман ба бәрің, осы бір әнім
Сіздерге берген сәлемім болсын
Аман ба қауым аман ба ауыл
Аман ба бәрі, аға-іні бауыр.
Тілеймін аман-саулығын елдің
Алтындай ұл-қыз өсірген елім
Аман ба жеңгем, аман ба келін
Сендерді қатты сағынып келдім.
Қайырмасы:
Қасиет қонған ел аман болсын
Жақсылар туған жер аман болсын
Аман ба бәрің, осы бір әнім
Сіздерге берген сәлемім болсын