Әні: Тілеукен Саметұлы
Сөзі: Елнұр Нұрқасым
Әліппені алып әріптерді танып
Жас жүрекке жалын жаққаны
Естелігі жеткен мектебімде өткен
Қайталанбас қызық шақтарым
Мектебімнің жолы естелікке толы
Өмірімнің үлкен өткелі
Оқулықпен дәптер оқып жүрген сәттер
Көңілімнің көркем көктемі
Қайрма:
Мектебім киелі қастерлі мекенім
өзіңмен биікке жетемін
Қоңыраудың үні жүрегіме жылы
Ойласам қуанып кетемін
Жайсаң жандарменен
Мереке деп білем
Мектебімде жүрген әр күнім
Өлең-жырды жаттап
Балалықтан аттап
Даналыққа қарай беттедім
Мектебімсіз кейде
Боламын көп күйде
Ұшырғандай көңіл кептерін
Болып мықты тұлға
Шықсам тағы шыңға
Сенен асып мүлде кетпедім
Биіктерге қонсам
Жақсы адам болсам
Сенің арқаң менің мектебім
Қайырма:
Мектебім киелі қастерлі мекенім
өзіңмен биікке жетемін
Қоңыраудың үні жүрегіме жылы
Ойласам қуанып кетемін
Жайсаң жандарменен
Мереке деп білем
Мектебімде жүрген әр күнім
Қайырма:
Мектебім киелі қастерлі мекенім
өзіңмен биікке жетемін
Қоңыраудың үні жүрегіме жылы
Ойласам қуанып кетемін
Жайсаң жандарменен
Мереке деп білем
Мектебімде жүрген әр күнім
Көңілі сай көлге
Шақырамыз төрге
Ұстаз деген жанның барлығын
Мерекелі күнін
Құттықтайды бүгін
Жүрегінен арнап ән жырын
Жайсаң жандарменен
Мереке деп білем
Мектебімде жүрген әр күнім