Бағаласаң таң нұрын
төгеді шуақ шашып арай
Бұлттан асып көңілің
қуандың әнге қосып талай, талай, солай.....
Уақыт зулап барады қалай, қалай
Өзгермеген сонда да адамдар-ай
Жақыным деп іздейтін сағынатын
Ең жақсы адамдар-ай....
Дәстүріңнің жеріңнің ғажабын-ай
Айдай әсем ақжарқын ажарың-ай
Тарқамасын той-думан базарында,
Ақкөңіл қазағым-ай....
Жеріңе сай пейілің,
қалайша мақтанбайын, қалай,
жүрегіңде мейірім,
бауыр деп соққан дәйім талай, талай, солай.
Уақыт зулап барады қалай, қалай
Өзгермеген сонда да адамдар-ай
Жақыным деп іздейтін сағынатын
Ең жақсы адамдар-ай....
Дәстүріңнің жеріңнің ғажабын-ай
Айдай әсем ақжарқын ажарың-ай
Тарқамасын той-думан базарында,
Ақкөңіл қазағым-ай....