Самал тау, қайран елім, шалқар көлім,
Не болар солдат болып көрген күнім,
Есіме қайта-қайта түсе бердің,
Кір-жуып, кіндік кескен қайран елім.
Атты емеспін , жаяумын
Жаяудан да баяумын,
Он бес күндей жүргенде,
Омбы жаққа таяумын.
Жасым бар қос мүшелдей, жылым – сиыр
Тағдырдың айдауымен кеттім қиыр.
Самал тау, қайран елім артта қалды
Адасқан өрісінен біз бір үйір.
Әке-шешем бар еді,
Жасы жеткен кәрі еді,
Осынау әнге салдырған,
Он алтының зары еді...
Самал тау, қайран елім, шалқар көлім,
Не болар солдат болып көрген күнім.