Тағдырым мынау, таңдарды сенсіз атырдым,
Ұмытамын мен өршітіп алдым отымды.
Жаным-ау, сен де келместі күтіп жүрмісің,
Жас жүрегіңе тұмар ғып жазып атымды.
Қайырмасы:
Жетейін десем, жете алмай, жүрген жоқпын
ба?
Сүйкімді едің, періште едің, пәк едің,
Аңсадым ғой, қайда жүрсің әдемі-ау! Әдемі.
2)Толқыттың мені, есіме түстің тербедің,
Алтыным менің, қадірін білмес сен менің.
Кешірші жаным, оралмас қайта көктемді,
Кешірші мені, жоғалтқан өмір өрнегін.
Аққуым менің, ақ гүлім едің,
Ғашығым менің, асылым едің.
Қиялым менің, ұяңым едің,
Аяулы арманым.