Айып етпе
Жаңбыр төкті жаныма жылап
Тұрмыз біздер кете алмай жырақ
Сепкім келеді жаныңа шуақ
Бірақ, бірақ махаббат сынақ
Жүрегіңде сақта, үміт отын жақпа
Онсызда жаным от
Көздің жасын мен үшін кешір
Сүйіп өтіп қосылмай
Біздің сынақ осындай
[Қайырмасы]
Ойлап мені уайым сен шекпе
Өз бағыңа қарай бетте
Тек жүрегімнен сен кетпе, сен кетпе, сен кетпе
Мендік сезім алау
Сендік сезім жаңбыр, жаңбыр, жаңбыр
Жаным айып етпе
Ойлап мені уайым сен шекпе
Өз бағыңа қарай бетте
Тек жүрегімнен сен кетпе, сен кетпе, сен кетпе
Мендік сезім алау
Сендік сезім жаңбыр, жаңбыр, жаңбыр
Жаным айып етпе
Жаңбыр төкті тағы да жылап
Тұрмыз біздер кете алмай жырақ
Сепкім келеді жанына шуақ
Бірақ, бірақ махаббат сынақ
Бұл бақытты шақты
Еске аламыз тәтті
Қалар бәрі елес боп
Бізде басқаша мүлде жол жоқ
Сүйіп өтіп қосылмай
Біздің бақыт осындай
[Қайырмасы]
Ойлап мені уайым сен шекпе
Өз бағыңа қарай бетте
Тек жүрегімнен сен кетпе, сен кетпе, сен кетпе
Мендік сезім алау
Сендік сезім жаңбыр, жаңбыр, жаңбыр
Жаным айып етпе
Ойлап мені уайым сен шекпе
Өз бағыңа қарай бетте
Тек жүрегімнен сен кетпе, сен кетпе, сен кетпе
Мендік сезім алау
Сендік сезім жаңбыр, жаңбыр, жаңбыр
Жаным айып етпе