Әні: Шыңбер Сулейменов
Сөзі: Мұқағали Мақатаев
"МЕНІ ОЙЛА"
1.Сеземін сүйген жүрекке
Сағыну соқпас оңайға
Дегенмен қалқам алайда
Қалт еткен шақта мені ойла
Таңертең тұр да шықты көр
Оянған шақта мені ойла
Шұғылаға шығыс түп-түгел
Боялған шақта мені ойла
Таңертең тұр да шықты көр
Оянған шақта мені ойла
Шұғылаға шығыс түп-түгел
Боялған шақта мені ойла
Мені ойла жаным мені ойла
2.Дүниені нұрлы кірпігің
Қамастырғанда мені ойла
Талдарға көктем бүртігін
Жаңа аштырғанда мені ойла
Арадай балға тоймаған
Бал қызғанғанда мені ойла
Дүние жым-жырт айналаң
Жалғыз қалғанда мені ойла
Арадай балға тоймаған
Бал қызғанғанда мені ойла
Дүние тегіс айналаң
Жалғыз қалғанда мені ойла
Мені ойла жаным мені ойла
3.Тағатсыз аңсар ынтық үн
Жаралы хал ғой ғашық хал
Рояль көрсең бір тілін
Мені ойлап бар да басып қал
Тек қана көзге жас алма
Ойлай бер мені күніге
Махаббаттардың қашанда
Ойламау жеткен түбіне
Тек қана көзге жас алма
Ойлай бер мені күніге
Махаббаттардың қашанда
Ойламау жеткен түбіне
Ойлай бер мені күніге
Тек қана көзге жас алм
Ойлай бер мені күніге
Махаббаттардың қашанда
Ойламау жеткен түбіне
Ойлай бер мені күніге
~ КаптейнСтар ~