Арқаның қоңыр кеші, неткен көркем
Махаббат күйін бірге шерткен екен
Бақыттың бұлттан биік бағасына
Дариға кім бар дейсің жеткен еркем
Аааа Есілдің жағасымен
Ақ қайың арасымен
Бір сезім сені іздейді мөлдіреген
Көздерің көздеріме қарады ұзақ
Айлы түн екеумізден барады ұзап
Жүректе сен сыйлаған жалынменен
Тәтті мұң сағынышта бар азырақ
Қ-сы
Көңілің жайраңдаған жазба дедім
Өзіңе шерткен сырым аз ба менің
Арқаның салқын желі соққан сәтте
Жаныңды жылытсыншы назды әуенім