Бақыт пен бақыт қауышқан шақта,
Жүруші ек қайғы бізден жырақта,
Біз үрлеп жаққан сезімнің оты
Сөнердей боп тұр бүгін бірақ та!
Дөңгелеп дүние, жалғасын тапқан,
Базары бар жерде азабын тартқан.
Нөсерін төгіп жатса да жауын,
Артыңа бір сәт қарайламадың
Ұмытар шақта қайғының барын
Ұмытылмастай тағы да алдадың
Үмітім менің, неге алдадың?!
Алмасып жылдар күндерім өтті ,
Алаңсыз сәттер қайырылмай кетті.
Сарғайған жүрек сыңарын іздеп
Түндерде тұйық азабын шекті...