Сынып кеткен армансың,
Жүрегімде армансың.
Не дерттерге салғансың
Ей қыз сені сағындым.
Нұрға толы айымысың,
Жүрегіме жайнасың,
Дидарына тоймасам сені сағындым.
Нәзік қана ұяла,
Шерін тартты қиялдаап,
Махаббатым ояна ей қыз сені сағындым.
Екеуміз бақтағы гүлді,
Жаным бірге терейік
Бұлай ұялғанша дүниеде,
Жаным ойнап күлейік.
Қыпша белің үзілер,
Қара көзің сүзілер,
Журек еніп езілер.
Ей қыз сені сағындым.
Сүйгенімді білмейсің,
Мені көзге ілмейсің
Ұшыраспаға келмейсің сені сағындым.
Нәзік қана ұяла,
Шерін тартты қиялдаап,
Махаббатым ояна ей қыз сені сағындым.
Екеуміз бақтағы гүлді,
Жаным бірге терейік
Бұлай ұялғанша дүниеде,
Жаным ойнап күлейік.