Қалдыбек Талқанбаев Түнгі сыр минус

00:00 / 04:15
Loading
Скачать
0
412
Тональность
0.0
+
Темп, %
0.0
+
Тип: с бэк-вокалом
Свойства файла: 3,8 Мб 128 кбит/с
Загружено: Багдаулет Багдаулет @ 30.03.22
Текст песни «Түнгі сыр»
  
Бұрқырып исі жалбыздың,
Таусылмас оймен таңды үздім.
Тәтті ұйқы қашқан оңаша,
Сезіммен серік жалғызбын
Көңілге көркем гүл екті,
Жалғанды жара жыр етті
Тыным тұр мүлгіп табиғат,
Дүрсілін тыңдап жүректің.

Санама тәтті құйып мұң,құйып мұң
Өзгелер сезбес күй ұқтым,күй ұқтым
Балауса шақтан әйтеуір,әйтеуір
Жұлдызды түнді сүйіппін,сүйіппін


Мақпалдай найза қара түн
Құшаққа мені алатын
Жымыңдап жұмбақ жұлдыздар
Жанымның жазып жарасын
Қараймын көкке тылсылып
Құс жолы жатыр жосылып
Төгілген айдын нұрына
Кетсембе екен қосылып

Санама тәтті құйып мұң,құйып мұң
Өзгелер сезбес күй ұқтым,күй ұқтым
Балауса шақтан әйтеуір,әйтеуір
Жұлдызды түнді сүйіппін,сүйіппін
Текст добавлен: Багдаулет Багдаулет