1.Сыңарымсың
Жыр әнімсің, тұмарымсың тағынған
Шыңға біткен
Шынарымсың, шырағымсың жағылған
Менің сансыз
Сұрағымсың оң шешімі табылған
Көздеріңнен
Сыр ағылсын, алыстама жанымнан
Қ-сы:
Біз бірге жүрейік
Еріксіз күлейік
Жазықсыз жыламайық
Қуанайық
Бақытқа барайық
Шын ләззат алайық
Ол үшін біз екеуміз
Бір болайық
2.Мен ұнатқан
Ән мен күйсің, әсем гүлсің ашылған
Жалғыз өзің
Келгендейсің өткен алдын ғасырдан
Талғамыңа тең болайын
Кетпе менің қасымнан
Жердегі айың
Мен болайын сен сүйетін асыл жан
Қ-сы: