1)Дәл осылай болатынын сезгем мен,
ғұмырым-ай,ғұмырым.
Сен кеткеннен ештеңе жоқ өзгерген,
Тірімін мен тірімін.
Қайырмасы:
Өкінетін мәжнүн деп пе едің не мені
сәтсіздікке кез келген?
Ештеңеде керек емес себебі,
ештеңе жоқ өзгерген. 2 рет
2)Іздеймін мен жалғыздықтан торықсам,
ұмтыламын өрге кіл.
Басымды изеп өте шығам жолықсам,
жаным менің көр де тұр.
Өкінетін мәжнүн деп пе едің не мені
сәтсіздікке кез келген?
Ештеңеде керек емес себебі,
ештеңе жоқ өзгерген. 2 рет
3)Сені аңсаймын сен туралы ойланам,
өтірік алаңдадым.
Керек емес хат жазбай-ақ қой маған,
телефонда шалмағын.
Қайырмасы:
Өкінетін мәжнүн деп пе едің не мені
сәтсіздікке кез келген?
Ештеңеде керек емес себебі,
ештеңе жоқ өзгерген.
Сөйлейді аспан қара жаңбыр түнімен,
сола алмады сол өзен.
Ағыл-тегіл жылайды рас түнімен,
жылайды рас терезем.
Ағыл-тегіл жылайды рас түнімен,
жылайды рас терезем.